«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 6 ақпандағы № 193-VІІ Заңы (2026.01.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мынадай жағдайлардың кез келгенінде:

ұсынылған құжаттарда жəне (немесе) мəліметтерде қамтылған өтініш беруші жəне (немесе) оның құрылтайшылары, қатысушылары (акционерлері) туралы анық емес деректер (мəліметтер) анықталғанда;

ұсынылған құжаттардың жəне (немесе) мəліметтердің мазмұны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкес келмегенде;

ұсынылған құжаттар мен мəліметтердегі деректердің анықтығын тексеруді жүзеге асыру қажет болғанда цифрлық қаржы активтері платформасының операторы, цифрлық активтердің сауда платформасының операторы ретінде есептік тіркеуден өту үшін берілген өтінішті қарау мерзімін тоқтата тұруға құқылы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсынылған құжаттарға жəне (немесе) мəліметтерге берген ескертулерін өтініш берушінің жою мерзімі он жұмыс күнінен аспайды.

Цифрлық қаржы активтері платформасының операторы, цифрлық активтердің сауда платформасының операторы ретінде есептік тіркеуден өту үшін өтінішті қарау мерзімі өтініш беруші Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсынылған құжаттарға жəне (немесе) мəліметтерге берген ескертулерін жойғаннан кейін жəне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсетілген құжаттардағы жəне (немесе) мəліметтердегі деректердің анықтығын тексеруді аяқтағаннан кейін немесе өтініш беруші осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген мерзім ішінде нақтыланған (түзетілген) құжаттарды жəне (немесе) мəліметтерді ұсынбаған жағдайда қайта басталады.

17. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі есептік тіркеуден өткен өтініш берушіге цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының тіркеу нөмірін береді, цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының тізілімінде, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының тізілімінде жазбаны жүзеге асырады жəне өтініш берушіге тіркеу нөмірін көрсете отырып, осы баптың 16-тармағында белгіленген мерзімде жазбаша нысанда есептік тіркеуден өткені туралы хабарлама жібереді.

Есептік тіркеуден өткен цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының тізілімі жəне цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының тізілімі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылады.

Есептік тіркеуден бас тартылған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өтініш берушіге бас тарту себебін көрсете отырып, осы баптың 16-тармағында белгіленген мерзімде жазбаша нысанда есептік тіркеуден бас тарту туралы хабарлама жібереді.

18. Цифрлық қаржы активтері платформасы операторын, цифрлық активтердің сауда платформасы операторын есептік тіркеуден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:

1) есептік тіркеуден өту үшін ұсынылған құжаттардағы мəліметтердің жəне (немесе) ақпараттың анық болмауы жəне (немесе) толық болмауы;

2) құжаттардың толық жинақталымының ұсынылмауы немесе құжаттардың осы Заңның жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сəйкес келмеуі;

3) цифрлық қаржы активтері платформасы операторы, цифрлық активтердің сауда платформасы операторы құрылтайшысының, қатысушысының (акционерінің) осы баптың 11 жəне 12-тармақтарында белгіленген талаптарға сай келмеуі;

4) басшы қызметкерлердің осы баптың 13-тармағында белгіленген талаптарға сəйкес келмеуі;

5) осы баптың 14-тармағында белгіленген талаптардың сақталмауы;

6) бенефициарлық меншік иесінде алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы.

19. Есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда цифрлық қаржы активтері платформасы операторының жəне (немесе) цифрлық активтердің сауда платформасы операторының қызметін жүзеге асыруға ниет білдірген өтініш беруші есептік тіркеуден бас тартуға алып келген себептер жойылған кезде есептік тіркеуге өтінішті қайта ұсынуға немесе өз атауын өзгерту не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға құқылы.

Цифрлық қаржы активтері платформасы операторын, цифрлық активтердің сауда платформасы операторын есептік тіркеуден бас тартуға алып келген себептердің жойылмауы көрсетілген өтінішті қайта қараудан бас тартуға негіз болып табылады.

Қайта ұсынылған өтінішті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі он жұмыс күні ішінде қарайды.

20. Есептіліктің нысандарын, оны ұсыну кезеңділігі мен мерзімдерін қоса алғанда, цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне оны ұсыну тəртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.

21. Цифрлық қаржы активтері платформасының операторы, цифрлық активтердің сауда платформасының операторы ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық стандарттардың жəне Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді.

Цифрлық қаржы активтері платформасының операторы, цифрлық активтердің сауда платформасының операторы тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады.

Цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тəртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.

22. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен актісінде белгіленген талаптарға сəйкес келген кезде қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы резиденттерінің «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында цифрлық қаржы активтерін шығаруды жүзеге асыруына жол беріледі.

23. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен актісінде белгіленген талаптарға сəйкес келген кезде «Астана» халықаралық қаржы орталығы қатысушыларының цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында цифрлық қаржы активтерін шығаруды жүзеге асыруына жол беріледі.

24. Осы баптың 7-тармағын қоспағанда, осы баптың талаптары қор биржасы мен орталық депозитарий цифрлық қаржы активтері платформасының операторы жəне (немесе) цифрлық активтердің сауда платформасының операторы ретінде қызметін жүзеге асырған кезде «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмеген бөлігінде қор биржасына жəне орталық депозитарийге қолданылады.

Қор биржасы жəне орталық депозитарий цифрлық қаржы активтері платформасының операторы жəне (немесе) цифрлық активтердің сауда платформасының операторы ретіндегі қызмет үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген біліктілік талаптарына сəйкес келген кезде осындай қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өтпей жүзеге асыруға құқылы.

25. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның жəне «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің бірлескен актісінде айқындалған тəртіппен жəне шарттарда «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында цифрлық қаржы активтерін шығаруға құқылы.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның бірлескен актісінде айқындалған тəртіппен жəне шарттарда цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында цифрлық қаржы активтерін шығаруға құқылы.

26. Цифрлық қаржы активтерін аударуды жүзеге асыру кезінде цифрлық қаржы активтері платформасының операторы, цифрлық активтердің сауда платформасының операторы цифрлық қаржы активтерін жөнелтуші мен алушы туралы ақпаратты, оның ішінде аталған тұлғаларды жəне (немесе) бенефициарлық меншік иелерін сəйкестендіруге мүмкіндік беретін мəліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген тəртіппен жинауды жəне сақтауды жүзеге асырады.

27. Осы баптың 26-тармағында көрсетілген ақпарат болмаған не толық берілмеген жағдайда, цифрлық қаржы активтері платформасының операторы, цифрлық активтердің сауда платформасының операторы клиент талап етілетін ақпаратты бергенге дейін кемінде қырық сегіз сағат мерзімге операция жүргізуді тоқтата тұруға тиіс.

Клиент жөнелтушіні жəне (немесе) алушыны сəйкестендіру үшін қажетті ақпаратты бермеген жағдайда, цифрлық қаржы активтері платформасының операторы, цифрлық активтердің сауда платформасының операторы белгіленген мерзім өткеннен кейін операцияны жүргізуден бас тартады.

 

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7-бап. Цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының қызметін бақылау жəне қадағалау

1. Цифрлық қаржы активтері нарығын бақылау жəне қадағалау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының қызметіне қатысты тексеруді жəне бақылаудың (қадағалаудың) өзге де нысандарын жүзеге асырады.

2. Цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының қызметіне қатысты тексерулер жəне бақылаудың (қадағалаудың) өзге де нысандары Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасында белгіленген қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылауды жəне қадағалауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру тəртібіне сəйкес жүзеге асырылады.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде өз құзыретіне кіретін мəселелер бойынша цифрлық қаржы активтері платформасының операторына, цифрлық активтердің сауда платформасының операторына қатысты осы Заңның жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сəйкес шектеулі ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолданады.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі цифрлық қаржы активтері платформасының операторларына, цифрлық активтердің сауда платформасының операторларына қатысты Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін шектеулі ықпал ету шараларының мынадай түрлерін қолданады:

1) орындалуы міндетті жазбаша нұсқама жіберу;

2) жазбаша ескерту шығару;

3) жазбаша келісім жасау.

Цифрлық қаржы активтері платформасының операторына, цифрлық активтердің сауда платформасының операторына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тəртібі, сондай-ақ қолданылатын шектеулі ықпал ету шарасының түрін таңдау үшін негіздер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

5. Цифрлық қаржы активтері платформасының операторы, цифрлық активтердің сауда платформасының операторы цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының тізілімінен, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының тізілімінен мынадай негіздердің кез келгені бойынша шығарылады:

1) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы өз қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдауы;

2) соттың цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы;

3) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының басшы қызметкерлеріне жəне (немесе) қатысушыларына (акционерлеріне) қойылатын талаптардың сақталмауы;

4) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін мəселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) бұзуы;

5) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданған шектеулі ықпал ету шараларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) орындамауы;

6) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының есептік тіркеу күнінен бастап қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде қызметін есептік тіркеуге сəйкес жүзеге асырмауы немесе қатарынан күнтізбелік алты айдан астам кезеңге қызметін тоқтатуы;

7) цифрлық қаржы активтері платформасының операторына, цифрлық активтердің сауда платформасының операторына қойылатын біліктілік талаптарына сəйкес келмеу;

8) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының жүзеге асырылатын қызмет бойынша деректерді (мəліметтерді) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) ұсынбауы;

9) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының, цифрлық активтердің сауда платформасы операторының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш жəне одан көп рет) жүзеге асырылатын қызметі бойынша анық емес деректерді (мəліметтерді) ұсынуы;

10) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тарапынан операторға қатысты бақылау мен қадағалау жүргізілуіне кедергі жасалуы;

11) есептік тіркеуден өту үшін ұсынылған құжаттарда жəне (немесе) мəліметтерде анық емес деректердің (мəліметтердің) анықталуы.

6. Цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының тізілімінен, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының тізілімінен шығарылған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарылған күннен бастап бұл туралы цифрлық қаржы активтері платформасының операторын, цифрлық активтердің сауда платформасының операторын бес жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді жəне өзінің интернет-ресурсында тиісті ақпаратты орналастырады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің цифрлық қаржы активтері платформасының операторын, цифрлық активтердің сауда платформасының операторын цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының тізілімінен, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының тізілімінен шығару туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен шағым жасалуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген шешіміне шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

7. Цифрлық қаржы активтері платформасының операторына, цифрлық активтердің сауда платформасының операторына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің оны цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының тізілімінен, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының тізілімінен алып тастау туралы жазбаша хабарламасын алғаннан кейін қызметтер көрсетуге тыйым салынады.

8. Цифрлық қаржы активтері платформасының операторы, цифрлық активтердің сауда платформасының операторы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің цифрлық қаржы активтері платформасы операторларының тізілімінен, цифрлық активтердің сауда платформасы операторларының тізілімінен шығару туралы жазбаша хабарламасын алған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде:

1) өз атауынан «цифрлық қаржы активтері платформасының операторы» немесе «цифрлық активтердің сауда платформасының операторы» деген сөздерді алып тастау мақсатында атауының өзгеруіне байланысты заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеуді жүргізуге не төлем ұйымын тарату туралы шешім қабылдауға;

2) өздерінің цифрлық платформаларында есепке алынатын жəне сақталатын барлық деректердің (мəліметтердің), оның ішінде цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері, цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар жəне өздеріне тиесілі цифрлық қаржы активтері туралы деректердің (мəліметтердің) басқа цифрлық қаржы активтері платформасының операторына, цифрлық активтердің сауда платформасының операторына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған тəртіппен берілуін қамтамасыз етуге міндетті.

 

 

3-тарау. ЦИФРЛЫҚ МАЙНИНГ

 

8-бап. Цифрлық майнинг жөніндегі қызмет

1. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті цифрлық майнер цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығын пайдалана отырып, цифрлық майнингтік пул арқылы жүзеге асырады.

2. Цифрлық майнерлер өз қызметін цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияларға сәйкес жүзеге асырады.

3. Цифрлық майнер цифрлық майнингтің нәтижесінде туындаған қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің меншік иесі болып табылады.

4. 2025.17.11. № 231-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2025.17.11. № 231-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Қазақстан Республикасының дара кәсіпкерлеріне, заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат етіледі және ол цифрлық активтер айналымын ұйымдастыруға жатпайды.

6. 2025.17.11. № 231-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

9-бап. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялау

1. Цифрлық майнинг жөніндегі қызмет өтініш берушіге үш жыл мерзімге берілетін цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде жүзеге асырылады.

Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия мынадай кіші түрлер бойынша:

І кіші түр бойынша - меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы бар цифрлық майнерге;

ІІ кіші түр бойынша - меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы жоқ және цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығында орналастырылған, өзіне меншік құқығында тиесілі цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнерге беріледі.

2. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және цифрлық майнинг жөніндегі қызметті лицензиялау қағидаларына сәйкес беріледі.

3. Лицензиялық алымның мөлшері, оны есептеу және төлеу тәртібі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалады.

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру цифрлық майнинг саласындағы уәкілетті органның шешімімен мынадай:

1) цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алу кезінде анық емес мәліметтер анықталған;

2) цифрлық майнер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамаған;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) цифрлық майнинг саласындағы уəкілетті органның жоспардан тыс тексеруінің нәтижелері бойынша бұзушылықтар белгіленген мерзімде жойылмаған;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) цифрлық майнер цифрлық майнинг саласындағы уәкілетті органға мәліметтердің өзгергені туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде ұсынбаған;

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) цифрлық майнер цифрлық майнинг саласындағы уәкілетті органға өз еркімен жүгінген жағдайларда;

6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда, бір айдан алты айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады.

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

5. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешімде цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұрудың себептері мен мерзімі көрсетілуге тиіс.

Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру цифрлық майнинг жөніндегі қызметтің тоқтата тұру кезеңінде жасалуына тыйым салуға алып келеді.

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

6. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын қайта бастау «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 3 және 7-тармақтарында белгіленген тәртіппен цифрлық майнердің жүгінуі бойынша жүзеге асырылады.

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

7. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыруды сот жүзеге асырады.

 

10-бап. Цифрлық майнингтік пулдардың қызметі

1. Цифрлық майнингтік пулды аккредиттеу өзінің нәтижесінде цифрлық майнингтік пул өз қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетінін ресми тануға ие болатын рәсім болып табылады.

Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу олардың меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2. Цифрлық майнингтік пулды аккредиттеу үшін:

1) цифрлық майнингтік пулдың аппараттық-бағдарламалық кешенінің Қазақстан Республикасының аумағында нақты орналасуы;

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижелері бар сынақтар хаттамаларының болуы;

3) цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу қағидаларында айқындалған өзге де талаптарға сәйкес келуі міндетті шарттар болып табылады.

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Цифрлық майнингтік пул цифрлық майнинг саласындағы уәкілетті органға және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға салық салу мақсаттары үшін цифрлық майнерлер мен цифрлық майнингтік пулдардың кірістері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларына сәйкес ақпарат береді.

2025.17.11. № 231-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Цифрлық майнингтік пулдардың цифрлық майнерлер қызметінің нәтижесінде пайда болған (жасалған) цифрлық активтерді олардың арасында бөлуі цифрлық активтердің айналымын ұйымдастыруға жатпайды.

 

11-бап. 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

11-1-бап. Ұлттық стратегиялық крипторезерв туралы жалпы ережелер

1. Ұлттық стратегиялық крипторезерв - цифрлық активтерге, базалық активі цифрлық активтер болып табылатын туынды қаржы құралдарына, сондай-ақ цифрлық активтерді дамытатын жəне (немесе) соларға инвестициялайтын компаниялардың акциялары мен үлестеріне инвестицияларды жүзеге асыру үшін құрылған қор.

2. Ұлттық стратегиялық крипторезервті басқаруды брокерлік, дилерлік көрсетілетін қызметтерді жəне инвестициялық портфельді басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің акционерлік қоғамы жүзеге асырады.

3. Ұлттық стратегиялық крипторезервті басқару нəтижелері туралы жыл сайынғы есеп Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңеске қарауға ұсынылады.

4. Ұлттық стратегиялық крипторезерв активтерін инвестициялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құқықтық актілеріне сəйкес жүзеге асырылады.

 

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.16.01. № 259-VIII ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)