2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама (Москва қ., 2018 жылғы 22 тамызда)

2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы

«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге

 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ХАТТАМА

(Москва қ., 2018 жылғы 22 тамызда)

 

ҚР 2020 жылғы 13 ақпандағы № 302-VІ Заңымен ратификацияланды

2020 жылғы 15 шілдеде күшіне енді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,

2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 20-бабын басшылыққа ала отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Келісімнің 2-бабының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Бәйтерек» ғарыш зымыран кешені» - 2016 - 2025 жылдары Ресей Федерациясының федералды ғарыштық бағдарламасында құрылуы көзделген, экологиялық қауіпсіздік деңгейі жоғары, перспективалы ресейлік орта класты тасымалдағыш зымыранмен ғарыш аппараттарын ұшыруға арналған кешен. «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінің құрамына «Байқоңыр» ғарыш айлағының «Зенит-М» ғарыш зымыран кешенінің техникалық құралдарының, құрылыс жайлары мен коммуникацияларының негізінде құрылатын старттық және техникалық кешендер, жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану бойынша персоналды дайындаудың оқу-жаттығу құралдары, телекоммуникациялық және ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдағыш зымыранның бөлінетін бөліктерінің құлау аудандары және басқа жерүсті ғарыш және қамтамасыз етуші инфрақұрылым объектілері кіреді;».

 

 

2-бап

 

Келісімнің 3-бабы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Тараптар Бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталы ұлғайтылған жағдайда Тараптардың әрқайсысының акционерлеріне тиесілі дауыс беретін акциялардың тепе-тең санымен көрсетілетін акциялар саны бойынша теңдікті сақтайды.».

 

 

3-бап

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.