«Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы № 9/65-VIII «Абай облысының елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Абай облысы мәслихатының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 35/236-VIII шешімі
Абай облысы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Абай облысы мәслихатының «Абай облысының елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 15 қарашадағы № 9/65-VIII шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Абай облысы мәслихаты шешімінің қосымшасында:
мемлекеттік тіліндегі қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Абай облысының елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидалары»;
орыс тіліндегі қосымшаның тақырыбы өзгеріссіз қалтырылсын;
39-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«39. Ағаштарды кесуді рұқсат беру рәсімдеріне сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.»;
58-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«58. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген жасыл екпелер заңсыз жойылған (кесілген) не олардың құрып кетуіне алып келген бүлінген жағдайда - бір жүз еселенген мөлшерде жүзеге асырылады.»;
59-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: