Осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тиісті нормативтік құқықтық актіде көрсетілген мерзімде не мұндай мерзім болмаған жағдайда, тиісті нормативтік құқықтық акт қолданысқа енгізілген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
6-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымының филиалына қатысты осы баптың 5, 5-1, 5-2 және 6-тармақтарында көзделген шешімдерді Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының басқару органы қабылдайды.
7. Лицензиат қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының атқарушы органының басшысы және актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған жарамды лицензиясы бар актуарий қол қойған және сақтандыру ұйымының директорлар кеңесі немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының тиісті басқару органы бекіткен бизнес-жоспарды;
3) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін табыс етеді.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды
7-1. Уәкілетті орган исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ғана береді.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-2-тармақпен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 7-2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7-2. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны «өмірді сақтандыру» саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына ғана береді.
Өмірді сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына берілген, бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия сақтандыру ұйымының «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған не тоқтатылған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісінше өзінің қолданысын тоқтата тұрады не тоқтатады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 7-3-тармақпен толықтырылды
7-3. Сақтандыру ұйымы бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасауды қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
3) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі функциялар жүктелетін құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді;
4) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) өтініш берушіде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың немесе өзге де жабдықтың болуын растайтын құжатты ұсынады.
8. Өтініш беруші сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) брокерлік қызмет түрлерінің шегінде лицензия беру туралы өтінішті;
2) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік тіркеуден өткен жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;
4) жарғылық капиталдың толық төленгенін растайтын құжаттарды;
5) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін келісуге арналған құжаттарды;
6) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;
9) мемлекеттік тіркеу туралы құжатты, тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (қаржылық ұйымдар үшін - қадағалау органдарының) құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына қатысуға рұқсат етілгені жөніндегі жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
10) тиісті мемлекеттің уәкілетті органының құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғада заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиясынан айырылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған кезден бастап бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің не өзге де қаржы ұйымының басшы қызметкері ретіндегі қызметінде экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары бойынша сотталғандығы жоқ екенін айғақтайтын құжатын табыс етеді. Аталған талап лицензиядан айырылған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8-1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-1. Сақтандыру брокері брокерлік қызметтің қосымша түрі бойынша сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) жарғылық және (немесе) меншікті капитал мөлшерлерінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ең төмен мөлшерлерге сәйкестігін растайтын құжаттарды;
3) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін ұсынады.
Брокерлік қызметтің қосымша түрі бойынша сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алу үшін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 5) тармақшаларында белгіленген құжаттар;
2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының резерв ретінде қабылданатын активтері мөлшерінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ең төмен мөлшерге сәйкестігін растайтын құжаттар.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8-2-тармақпен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 8-2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-2. Лицензиядан брокерлік қызметтің жекелеген түрі алып тасталған жағдайда, лицензия брокерлік қызметтің осы түрі алып тастала отырып, қайта ресімделуге жатады.
Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны ерікті түрде қайтару сақтандыру брокерінің брокерлік қызметті жүзеге асыру бойынша қолданыстағы міндеттемелерінің жоқ екенін растайтын құжаттар қоса берілген сақтандыру брокерінің өтініші негізінде жүзеге асырылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8-3-тармақпен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 8-3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-3. Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан брокерлік қызметтің жекелеген түрін алып тастау үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынылады:
1) өтініш;
2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі;
3) сақтандыру брокері қатысушылары жалпы жиналысының не акционерлері жалпы жиналысының (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері басқару органының) сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан брокерлік қызметтің жекелеген түрін алып тастау туралы шешімінің көшірмесі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары:
1) уәкілетті органның брокерлік қызметтің жекелеген түрі бойынша лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу жағдайларына қолданылмайды.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайда сақтандыру брокері уәкілетті органның тиісті шешімінде көрсетілген мерзімде лицензияны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда сақтандыру брокері тиісті нормативтік құқықтық актіде көрсетілген мерзімде не мұндай мерзім болмаған жағдайда, тиісті нормативтік құқықтық акт қолданысқа енгізілген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Уәкілетті органның сақтандыру брокерін брокерлік қызметтің жекелеген түрі бойынша лицензиясынан немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдауын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерді қоспағанда, лицензия берілгені (қайта ресімделгені) үшін лицензиялық алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Уәкілетті орган лицензия беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Осы Заңның 16-4-бабының 1-тармағына және 30-1-бабының 2-тармағына сәйкес, ашылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына лицензия беру туралы құжаттар ұсынылған кезде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокеріне лицензия беру не беруден бас тарту туралы шешімді филиал есептік тіркелген күннен бастап тоғыз жұмыс күні ішінде жібереді.
Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, ашылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына лицензия беруден бас тартылуына байланысты құжаттар қайта ұсынылған кезде уәкілетті орган құжаттарды осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімде қарайды.
Өтініш беруші лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган құжаттар алынған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Өтініш беруші лицензияны қайта ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган құжаттар алынған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Лицензия беру туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау тәртібі, сондай-ақ осы баптың 1-2, 1-3, 2, 3, 6, 7, 7-3, 8, 8-1 және 8-3-тармақтарында көрсетілген құжаттардың мазмұнына, оның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі мен олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 13-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
13. Осы баптың 7-2, 7-3 және 8-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылмайды.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 14-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері лицензия берілген күннен бастап он екі ай ішінде лицензиялық қызметті жүзеге асырмаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері уәкілетті органның тиісті хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияны ерікті түрде қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 15-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны ерікті түрде қайтару сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтініші негізінде жүзеге асырылады және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелі болмаған кезде ғана жүргізіледі.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 16-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
16. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтарғаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 17-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
17. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны ерікті түрде қайтару қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітіледі.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 37-1-баппен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 37-1-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
37-1-бап. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі алып тасталған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласы өзгерген, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия ерікті түрде қайтарылған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті түрде таратылған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастырылған кезде сақтандыру портфелін беру
1. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі алып тасталған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласы өзгерген, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия ерікті түрде қайтарылған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті түрде таратылған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастырылған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:
1) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін сақтанушыларды (қайта сақтанушыларды) сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (қайта сақтандыру ұйымдары) туралы міндетті түрде хабардар ете отырып, басқа сақтандыру ұйымына (сақтандыру ұйымдарына) беруді жүзеге асыруға;
2) сақтанушының (қайта сақтанушының) жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таңдауға келісімі болған кезде сақтандырудың өзге де сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына) беруді жүзеге асыруға немесе осы баптың 4-тармағының талабына сәйкес хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сақтанушының (қайта сақтанушының) сақтандыру портфелін беруге жазбаша қарсылығын алған жағдайда, сақтанушымен (қайта сақтанушымен) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын бұзуға міндетті.
2. Қайта сақтандыру бойынша лицензия ерікті түрде қайтарылған кезде (қайта сақтандыру ұйымы ерікті түрде таратылған және (немесе) қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастырылған кезде) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру портфелін қайта сақтандыру бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (ұйымдарына) қайта сақтанушының (цеденттің) осындай беруге келісімі болған кезде ғана, ол жөнінде қайта сақтанушыны (цедентті) міндетті түрде хабардар ете отырып, беруге міндетті.
3. Сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы оны қабылдау кезінде, сондай-ақ жаңадан қабылданатын сақтандыру портфелін ескере отырып, барлық пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындауға тиіс.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушыларды (сақтандырылушыларды, пайда алушыларды, қайта сақтанушыларды) хабардар ету мақсатында сақтандыру портфелін алдағы беру туралы хабарландыруды сақтандыру портфелін беру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Хабарландыруда қарсылықтарды ұсыну тәртібі, осы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күнді құрайтын ұсыну мерзімі және сақтанушылар (қайта сақтанушылар) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын берумен келіспеген жағдайда олардың қарсылықтары қабылданатын мекенжайлар көрсетіледі.
Сақтанушының (қайта сақтанушының) хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жазбаша қарсылығының болмауы сақтанушының (қайта сақтанушының) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру портфелін беруге келісуі ретінде қаралады.
5. Сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
6. Осы баптың ережелері осы Заңның 72-1-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалына қолданылады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 38-бап өзгертілді; 2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда(бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 38-бап өзгертілді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38-бап. Сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияларды беруден бас тарту
1. Сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны беруден (қайта ресімдеуден) бас тарту мынадай негіздер бойынша:
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар сақталмаса;
2) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобы өтініш берілгенге дейін алты ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамаса;
3) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмесе;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2020 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) тағайындауға (сайлауға) ұсынылып отырған кандидаттардың арасынан басшы қызметкерге келісім берілмесе (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, ашылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы үшін);
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
6) осы Заңның 16-4-бабының 4-тармағына және 46-бабының 12-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру жөніндегі талаптар орындамалса;
7) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген, мәні бойынша ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензиялары болмаса;
8) осы Заңның 34-бабы 1-1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлерінің ішінде кемінде екі Қазақстан Республикасының резидент-басшы қызметкердің болуы жөніндегі талап сақталмаса жүргізіледі.