Білім беру орталықтары ұсынатын және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 165 бұйрығына 2-қосымша) (2024.05.03. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрінің

2023 жылғы 12 маусымдағы

№ 165 бұйрығына

2-қосымша

 

 

Білім беру орталықтары ұсынатын және балалардың құқықтарын қорғау

саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

 стандарты

(2024.05.03. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Білім беру орталықтары ұсынатын және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 14-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024.16.02. № 35 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 5 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы Стандарт:

1) жетім балалардың;

2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың;

3) қадағалаусыз және панасыз қалған балалардың;

4) девиантты мінез-құлықты балалардың (оның ішінде қылмыстық істері ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған балалар, жыл ішінде екі және одан да көп рет әкімшілік құқық бұзушылық жасаған балалар);

5) арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін балалардың;

6) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікке ұшыраған балалардың (оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған балалар, жыныстық тиіспеушілікке байланысты қылмыстың құрбаны болған балалар) тұрақты, уақытша және күндізгі уақытта болуына арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы орталықтарда (бұдан әрі - орталық) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну сапасына, шарттары мен көлеміне қойылатын талаптарды белгілейді.

Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп көрсетілетін қызметті алушылар деп аталады.

3. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілерге:

1) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары;

2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.