Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2025 жылға арналған жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 1132 Қаулысы
Осы редакция 2025 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2025 жылға арналған жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспардың 11, 12 және 13-тармақтарында көзделген заң жобаларын қоспағанда, Жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобаларын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне Жоспарда айқындалған айдың 1-і күнінен кешіктірмей және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспарда айқындалған айдың 1-і күнінен кешіктірмей ұсынып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысын үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Үкіметінің
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1132 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2025 жылға арналған
жоспары
| Р/с № | Заң жобасының атауы | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Ұсыну мерзімі | Заң жобаларын сапалы әзірлеуге және уақтылы енгізуге жауапты тұлға | ||
| Әділет министрлігі | Үкімет Аппараты | Парламент | ||||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1. | Құқық бұзушылық профилактикасы туралы | ІІМ | қаңтар | қаңтар | наурыз | И.В. Лепеха |
| 2. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ІІМ | қаңтар | қаңтар | наурыз | И.В. Лепеха |