Көкшетау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № С-25/2 «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы шешіміне өзгерістер» енгізу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 18 қаңтардағы № С-27/2 шешімі
Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № С-25/2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 47 614 872,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 36 784 371,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 214 826,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 753 257,0 мың теңге;
трансферттер түсімі - 8 862 418,0 мың теңге;
2) шығындар - 55 386 735,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - - 144 655,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 72 450,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 217 105,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 7 627 208,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 7 627 208,4 мың теңге.»;
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Қалалық бюджет шығындарында қарастырылғаны ескерілсін:
1) 15 051,6 мың теңге сомасында трансферттер, Краснояр ауылдық округіне соның ішінде:
әкімнің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 2 600,0 мың теңге сомасында;
жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдауға 4 111,6 мың теңге сомасында;
абаттандыру мен көгалдандыруға 2 479,0 мың теңге сомасында;
автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 5 861,0 мың теңге сомасында;
2) 671 379,0 мың теңге сомасында кент, ауылдық округ бюджетіне бюджеттік субвенциялар қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:
Краснояр ауылдық округіне 574 827,0 мың теңге сомасында;
Станционный кентіне 96 552,0 мың теңге сомасында.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.