«Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 5 шілдедегі № 16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 8 бұйрығы

«Қазақстан Республикасының аумағында автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 5 шілдедегі № 16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 8 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 5 шілдедегі № 16 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28710 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықтың қосымшасын осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Отын-энергетика кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасының орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.