«Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалары бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 14 қазандағы № 280 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

«Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалары бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2026 жылғы 14 қазандағы № 280 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалары бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19188 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігімен жүк тасымалдау қағидаларында:

4-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) инфрақұрылым учаскесінің өткізу қабілеті - инфрақұрылымның, жылжымалы составтың техникалық және технологиялық мүмкіндіктеріне және әртүрлі санаттардағы поездарды өткізуді ескере отырып, поездардың қозғалысын ұйымдастыру тәсілдеріне қарай, есепті уақыт кезеңі (тәулік) ішінде инфрақұрылым учаскесі бойынша өткізілуі мүмкін поездар мен поезд жұптарының ең жоғары саны;»;

мынадай мазмұндағы 21-1, 21-2 және 21-3-тармақтармен толықтырылсын:

«21-1. Инфрақұрылым учаскесінің өткізу қабілеті жеткіліксіз болған жағдайда жүк жөнелтушілердің өтінімдерін (жоспарларын) қарау және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезектілігі осы Қағидалардың 21-2 және 21-3-тармақтарына сәйкес айқындалады.

21-2. Пойыздар қозғалысының нақты бағыты бойынша инфрақұрылым учаскесінің өткізу қабілеті жеткіліксіз болған кезде тасымалдаушы жүк жөнелтушілердің өтінімдерін қарауды, келісуді және жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді мынадай кезектілікпен көрсетуді қамтамасыз етеді:

1) мынадай тасымалдар:

пойыздар қозғалысын қалпына келтіру және өрттерді сөндіру үшін жүзеге асырылатын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.