«Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын медициналық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 699 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 389 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын медициналық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 699 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 389 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын медициналық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 699 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19372 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын медициналық қамтамасыз ету қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Авиациялық бөлімнен кететін және жаңадан келетін, сондай-ақ негізгі еңбек демалысынан және іссапардан (күнтізбелік 24 және одан көп күн) немесе емделуден келетін авиациялық персонал кезектен тыс (жоспардан тыс) медициналық қарап-тексеруден өтеді.»;

7, 8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Анықталған кәсіби қызметті орындауға кедергі болатын ауруы немесе жарақаты бар ұшқыш, штурман, борт серігі, ұшқыштар оқу орнының курсанты (тыңдаушысы) және әуе кемесінің экипажы құрамында ұшу функциясын орындайтын лауазымды адамдар (бұдан әрі - ұшқыш құрамы), ұшуға жетекшілік ететін және ұшуды басқаратын адам, әуе қозғалысын басқаратын оператор, пилотсыз әуе кемесінің (бұдан әрі - ПӘК) операторы және парашютші ұшудан, ұшуға жетекшілік етуден, әуе қозғалысын басқарудан, ПӘК-ні басқарудан немесе парашютпен секіруден шеттетіледі және әскери бөлімнің немесе мекеменің әскери-медициналық (медициналық) бөлімшесіне (бұдан әрі - авиациялық бөлімнің медициналық бөлімшесі) медициналық тексеруге немесе емделуге жіберіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.