«Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 298 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2025 жылғы 24 шілдедегі № 275 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 298 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28281 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың әрбір шарасы үшін мынадай қарсы міндеттемелер айқындалды:
1) өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қоса қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру:
«Еңбек өнімділігін арттыру» бағыты шеңберінде:
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес есепті жылы өндірістік персоналдың орташа жалақысының бір қызметкердің орташа айлық жалақысының белгіленген өсімінен кем емес өсуі;
өндіру кезінде пайдаланылатын қазақстандық жиынтықтауыштар мен шикізат көлемін ұлғайту жолымен өнімді оқшаулау деңгейін арттыру («СТ-KZ» сертификатымен немесе қазақстандық тауар өндірушілер тізілім үзінді-көшірме расталатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесін кемінде 5%-ға ұлғайту). Осындай «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттар 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады;
«Ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету» бағыты шеңберінде:
үшінші есепті жылдың қорытындылары бойынша және кейіннен жобаны қаржыландыруға бекіту кезінде жобаның/ұйымның қаржы-экономикалық моделіне сәйкес жыл сайынғы негізде өткізілетін өнім көлемін ақшалай мәнде ұлғайту;