«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 167 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 572 бұйрығы
«Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 167 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11541 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесі бекітілсін»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;