«Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес жұмыстарды жүргізуге келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 15 маусымдағы № 143 бұйрығына 2-қосымша)

Қазақстан Республикасының

Экология, геология және табиғи

ресурстар министрінің

2020 жылғы 15 маусымдағы

№ 143 бұйрығына 2-қосымша

 

 

«Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге

байланысты емес жұмыстарды жүргізуге келісу»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес жұмыстарды жүргізуге келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және «Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес жұмыстарды жүргізуге келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетеді.

3. Осы қағидаларды Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртiбi

 

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтінішті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы береді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес жұмыстарды жүргізуге келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.