«Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 193 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 229 бұйрығы (күші жойылды)

«Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 193 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 229 бұйрығы

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 48 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 193 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 10681 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларында:

13-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) «Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі» өлшемшарты бойынша мыналар:

мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қызметінің түйінді көрсеткіштерге қол жеткізуін бағалау;

мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау айқындалады.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Бағалау нәтижелері бойынша тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдарын не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарын мынадай тәртіппен топтау жүргізіледі:

1) мемлекеттік мекемелерді басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары:

тиімділігі жоғары (10-8 балл);

тиімділігі орташа (7-4 балл);

тиімділігі төмен (3-0 балл);

2) мемлекеттік кәсіпорындарды басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары:

тиімділігі жоғары (20-18 балл);

тиімділігі орташа (17-8 балл);

тиімділігі төмен (7-0 балл);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.