«Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру қағидалары мен форматын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 86 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 201/НҚ бұйрығы
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 144 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру қағидалары мен форматын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрі м. а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13231 болып тіркелген, «Әділет» нормативтік құқықтық актілерінің жүйесінде 2016 жылғы 11 наурызда жарияланған) мынадай өзгертулер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын ашық деректерді беру қағидалары мен форматында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) кеңейтілетін белгілеу тілі (eXtensible Markup Language) (бұдан әрі - XML) - құрылымдық және машинада оқылатын форматтағы деректерді сақтау және беру үшін пайдаланылатын кеңейтілетін белгілеу тілі;»;
10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: