«Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 131 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 559 бұйрығы (күші жойылды)

«Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 131 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 559 бұйрығы

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 250 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 131 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10025 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 12 ақпандағы 2015 жылы № 28 жарияланған (28506)) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

көрсетілген Қағидалардың қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.