Атом электр станциялары ұлттық операторының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде Атом электр станциялары ұлттық операторына тиесілі заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2026 жылғы 13 қазандағы № 113-н/қ бұйрығы
«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-3-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Атом электр станциялары ұлттық операторының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде Атом электр станциялары ұлттық операторына тиесілі заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Ядролық энергетика департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы |
А. Саткалиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»