«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын қорғау, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18-02/664 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 21 шілдедегі № 227 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын қорғау, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 18-02/664 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11995 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қорын қорғау, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі нормалар мен нормативтер:
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Орман өрт сөндіру станцияларының мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметкерлерін өртке қарсы киіммен жарақтандыру нормативтері