«Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қазандағы № 172 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардағы бухгалтерлік есепті жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 137 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9735 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 қарашада «Заң газеті» газетінде № 169 (2563) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Брокерлік қызмет бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және ашу» 33 бухгалтерлік есеп стандартында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Мақсаты және қолданылу аясы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: