ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі):
1) 25-бап 11) тармақшасындағы «жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен» деген сөздер «жүзеге асыратын» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) цифрлық активтер саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен;»;
2) 26-бап мынадай мазмұндағы 26 және 27-тармақтармен толықтырылсын:
«26. Цифрлық майнингтік пул уәкілетті органға цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында өзі бөлген цифрлық активтер туралы мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, осындай мәліметтерді ұсынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей ай сайын ұсынады.
27. Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушылары Қазақстан Республикасының резиденттері цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялар және цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан резиденттер мен бейрезиденттерге төленген сыйақылар туралы мәліметтерді уәкілетті органға есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей, уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес ұсынады.»;
3) 115-баптың 1-тармағы екінші бөлігі 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабар жөнелтіле отырып, «электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне хабарлама жеткізілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.»;
1-тармақтың 4) тармақшасы 2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
4) 28-тарау мынадай мазмұндағы 227-1-баппен толықтырылсын:
«227-1-бап. Цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаның, цифрлық майнингтік пулдың, цифрлық активтер биржасының кірісі
1. Тұлғаның цифрлық майнинг жөніндегі қызметтен түскен кірісі цифрлық майнингтік пул оған бөлген, өз қызметі нәтижесінде туындаған цифрлық активтер санының және осы баптың 4-тармағына сәйкес айқындалған олардың құнының көбейтіндісі ретінде айқындалады.
2. Тұлғаның цифрлық майнинг жөніндегі қызметтен түскен кірісіне цифрлық майнингтік пул комиссия ретінде ұстап қалған цифрлық активтердің құны жатқызылмайды.
3. Цифрлық майнингтік пулдың, цифрлық активтер биржасының цифрлық активтер түрінде алған кірісі осы баптың 4-тармағына сәйкес айқындалған құн бойынша есептеледі.
4. Осы баптың мақсаттарында цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен уәкілетті органның бірлескен актісінде бекітіледі.»;
1-тармақтың 5) тармақшасы 2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
5) 241-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) кірісі осы Кодекстің 227-1-бабының 1-тармағына сәйкес есептелген цифрлық активтерді өткізуден түскен кіріс;»;
1-тармақтың 6) тармақшасы 2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
6) 264-бап мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген цифрлық активтер биржасынан тыс өткізілген цифрлық активтерді алуға (сатып алуға) арналған шығыстар және (немесе) алуға (сатып алуға) байланысты шығыстар;
1-2) цифрлық майнингтік пул көрсететін қызметтер бойынша цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаның шығыстары;»;
7) 305-бап мынадай мазмұндағы 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
«8. Осы баптың 2, 4 және 5-тармақтарының нормалары цифрлық активтер саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.
9. Цифрлық активтер саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер декларацияға дейінгі және одан кейінгі аванстық төлемдердің сомасын ағымдағы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасын негізге ала отырып есептейді.»;
1-тармақтың 8) тармақшасы 2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
8) 315-баптың 3-тармағындағы «1 және 2-тармақтарына» деген сөздер «1, 2 және 2-1-тармақтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 331-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) эмитенттері Қазақстан Республикасында тіркелген цифрлық активтер, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы орындалатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда), Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері.»;
1-тармақтың 10) тармақшасы 2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
10) 341-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 56) тармақшамен толықтырылсын:
«56) кірісі осы Кодекстің 681-бабының 2-1-тармағына сәйкес есептелген цифрлық активтерді өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс.»;
1-тармақтың 11) тармақшасы 2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
11) 363-баптың 3-тармағындағы «2-тармағында» деген сөздер «2 және 2-1-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 12) тармақшасы 2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
12) 372-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 39) тармақшамен толықтырылсын:
«39) цифрлық майнингтік пулдың цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалар арасында цифрлық активтерді бөлуі.»;
13) 554-баптың 4-тармағындағы кесте мынадай мазмұндағы 1.86. және 1.87-жолдармен толықтырылсын:
«