«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 251 бұйрығы (күші жойылды)

 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 251 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 339 бұйрығымен күшi жойылды

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Жеке қаржыландыру жоспарларының жобаларына орталық атқарушы органның аппарат басшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адам), ал мұндайлар болмаған жағдайда ‒ мемлекеттік мекеменің басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам, мемлекеттік мекеменің оларды жасауға жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал соңғылары болмаған кезде-тиісті бұйрықтармен міндеттерді орындау жүктелген адамдар қол қояды) және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөрінің бедерімен расталады, жоғарыда көрсетілген тұлғалар қол қойған жеке қаржыландыру жоспарлары жобаларының ай сайынғы бөлінуінің есептеулері мен негіздемелері жеке қаржыландыру жоспарларының жобаларымен бірге оларды бекіту және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын әзірлеу үшін белгіленген мерзімдерде бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне беріледі.»;

25-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.