«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер енгізілсін:

1) «Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 445 бұйрығында:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамына:

Пак Олег Владимирович - Алматы қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі филиалының директоры;

Тулегенова Жанна Викторовна - «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ-ның басқарма төрағасы;

Сүлейменова Элеонора Дүйсенқызы - Қазақстан Республикасы Жоғары мектебінің халықаралық ғылым академигі, филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры;

Бейсенова Шәрбану Қонақбайқызы - жазушы, танымал қоғам қайраткері;

Ахметова Гүлнас Кенжетайқызы - «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Басқарма төрағасы енгізілсін;

көрсетілген құрамнан Бимендина А.Т., Хисматуллина А.А., Сыдықов Н.Е. Нұрғазинов А.С., Әлібаева Б.О. шығарылсын.

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны тәуелсіз байқау кеңесінің құрамына:

Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлы - Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының төрағасы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.