Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2026 жылғы 4 қарашадағы
№ 560 бұйрығына 11-қосымша
Кәсіптік стандарт:
«Кәріз жүйелерінің құрылысы»
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: Кәсіби біліктілікті тану, білім беру бағдарламаларын қалыптастыру, кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ персоналды басқару міндеттерін шешу үшін кәріз жүйелерін салумен айналысатын жұмыскерлердің кәсіптік қызметінің мазмұны мен біліктілігіне бірыңғай талаптар белгілеу.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:
1) Салалық біліктілік шеңбері (СБШ) - салада танылатын сараланған біліктілік деңгейлерінің негіздемелік құрылымы болып табылатын ұлттық біліктілік жүйесінің құрамдас бөлігі (кіші жүйесі);
2) Кәсіби стандарт - кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік пен құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
3) Кәріз - су бұру міндеттерін шешуге арналған инженерлік құрылыстар;
4) Кәріз жүйесі - елді мекендердің аумағында пайда болатын қатты және сұйық адам қалдықтарын, шаруашылық-тұрмыстық және жаңбыр сарқынды суларын ластанудан тазарту және оларды одан әрі пайдалану немесе су айдынына қайтару мақсатында жинауға және жоюға арналған санитариялық-техникалық құрылыстар мен құбыр желілері;
5) Жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) - жобаның мәнін ашатын және оның орындылығы мен іске асырылуының негіздемесін қамтитын құжаттар кешені; мәтіндік және графикалық материалдарды қамтитын және құрылыс пен инженерлік коммуникацияларды қамтамасыз ету үшін функционалдық-технологиялық, конструктивтік және инженерлік-техникалық шешімдерді айқындайтын құжаттама;