Білім берудің кейбір мәселелері туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 15 шілдедегі № 180 Қаулысы
(2026.25.02. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 22) тармақшасына, 39-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 6) және 7) тармақшаларына сәйкес және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 424 Жарлығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімі) және Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімі) құрылсын.
2. Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімі қызметінің мәні - Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданының аумағында білім беру саласында басшылықты жүзеге асыру және Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімі қызметінің мәні - Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының аумағында білім беру саласында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреттері шегінде басшылықты жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің ережесі және 2-қосымшаға сәйкес Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің ережесі бекітілсін.
4. «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 13 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.