«Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларын және құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 415 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларын және құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10288 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссияның қызметі мен құрамын айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссияның қызметі мен құрамын айқындаудың қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларында және құрамында:
тақырыбы мындай редакцияда жазылсын: