Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 35 бұйрығы
(2024.13.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 26 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 2021.21.07. № 469 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын.
ҚР Қорғаныс министрінің 2021.30.04. № 272 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 2021.21.07. № 469 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 2021.21.07. № 469 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.