«Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР- ДСМ-27 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 94 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР-ДСМ-27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27218 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енігізлсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Стационарлар құрамындағы балалар бөлімшелерінің және (немесе) көпбейінді балалар стационарларының пациенттеріне ойын ойнауға, демалуға жағдай жасалады.