(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ 2015.26.11 № 736 ...

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын, Субсидиялау шартының, Кепілдік шартының, Грант беру туралы шарттың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 736 бұйрығы

 

Осы редакция 2016 жылғы 8 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Субсидиялау шартының нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Кепілдік шартының нысаны;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Грант беру туралы шарттың нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.