«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 4 тамыздағы № 523 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 4 тамыздағы № 523 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12599 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген камералдық бақылауды жүргізу қағидаларында:

2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді Қазақстан Республикасының заңнамада көзделген шекте жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;»;

28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«28. Заңның 32-бабы 1-тармағына сәйкес хабарламаның белгіленген мерзімде орындалмауы мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес белгіленген тәртіппен тоқтата тұруға әкеп соғады.

Осы тармақтың қолданылуы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға қарсылықтарды қарау кезеңіне тоқтатыла тұрады.

Осы тармақта көзделген ден қою шарасы бұзушылықтарды жою мүмкін болмаған жағдайларда қолданылмайды.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары (корреспонденттіктерді қоспағанда) бойынша шығыстық операцияларды тоқтата тұру Заңның 32-бабының 2-тармағында көзделген шығыс операцияларын қоспағанда мемлекеттік аудит объектілерінің барлық шығыс операцияларына қолданылады.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.