Теректі ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 5 мамырдағы № 23-4 шешімі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Теректі ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Теректі аудандық мәслихатының төрағасы | А. Нургалиев |
2025 жылғы 5 мамырдағы
№ 23-4 шешімімен
бекітілген
Теректі ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі
жоспар
Осы Теректі ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 тіркелген), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20540 тіркелген), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 263 «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды бекіту туралы» бұйрықтарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34831 тіркелген) сәйкес әзірленді.