Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 6-Қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 ақпандағы № 7-Қ қаулысы
Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасарының 2022 жылғы 16 наурыздағы № 8-Қ Қаулысымен күші жойылды
Мен, Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ю.Л. Залыгин, 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 9, 38, 85, 102, 104 және 107-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің (бұдан әрі - ҚР БМСД) қолданыстағы қаулыларының талаптары, COVID-19 коронавирустық инфекциясының эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасы негізінде (бұдан әрі - КВИ) ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 ақпандағы «Қарағанды облысында коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру туралы» № 6-Қ Қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Қаулының 3-тармағының 3.22.-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, жоғары оқу орындарына, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда, кіруге жол берілмейді:
- респираторлық инфекция белгілері бар адамдар (жөтел, мұрыннан су ағуы, дене температурасы 37 градус Цельсийден жоғары);
- QR кодын («ПТР зерттеулерінің Бірыңғай интеграциялық порталы» және «COVID-19 бақылау орталығы» ақпараттық жүйелерінде тіркелген) пайдалана отырып тіркеу кезінде «қызыл» мәртебесі бар адамдар, COVID-19 үшін ПТР тестілеуінің оң нәтижесімен, ретінде «инфекция жұқтырған» мәртебесі бар немесе COVID-19 бар адаммен байланыста болған пациент;
- COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған мұғалімдер мен қызметкерлер (сауыққаннан кейін 3 ай ішінде ауырған, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда);»;
2) Қаулының 16 тармағының 16.2.-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер серіктесте ПТР бойынша COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болса, оның нәтижесін берген күннен бастап 3 күннен аспайтын болса, серіктеспен босануына рұқсат беру;»;
3) Қаулының 16 тармағының 16.35., 16.36. тармақшалары алынып тасталсын;
4) Қаулының 21 тармағының 21.16.-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«ASHYQ» қосымшасына сәйкес «қызыл» мәртебесі бар адамдарды іздестіру шараларын қабылдау»;»;
5) Қаулының 1-қосымшасы осы Қаулыдағы 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
6) Қаулының 2-қосымшасы осы Қаулыдағы 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
7) Қаулының 41-қосымшасы осы Қаулыдағы 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің аумақтық басқармалары, Қарағанды облысының полиция департаменті, Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының әкімдері осы Қаулының орындалуына бақылауды күшейтуді қамтамасыз етсін.
3. Қаулы 2022 жылдың 28 ақпаны сағ. 00.00.-ден бастап күшіне енеді.
| Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері |
Ю.Л. Залыгин |