(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫСЫ ҚЫЗМЕТІМЕН АЙНАЛЫСУҒА ҮМІТКЕР ...

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2020 жылғы 29 мамырдағы

№ 69 бұйрығына 1-қосымша

 

Осы редакция 2024 жылғы 6 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу»

 мемлекеттік көрсетілетін қызметтің

қағидалары

(2021.20.10. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10 - бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

2. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

3. «Бір өтініш» қағидаты - бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығын көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу (бұдан әрі - аттестация) күні, уақыты мен орны туралы хабарландыруды көрсетілетін қызметті беруші өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

Жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті және құжаттарды «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы аттестаттау өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын, сондай-ақ көрсетілетін ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1- қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.