Терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын тарату тәуекелдерін ұлттық бағалау (Жария есеп, 2021)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІ

 

ТЕРРОРИЗМДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАППАЙ
ҚЫРЫП-ЖОЮ ҚАРУЫН ТАРАТУ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ҰЛТТЫҚ БАҒАЛАУ

 

 

Жария есеп

 

2021

 

Қазақстан Республикасының тәуекелдерін ұлттық бағалау туралы

ЕСЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

 

I тарау. Кіріспе

II тарау. Терроризмді қаржыландыру қатерлері мен тәуекелдері

III тарау. КЕҰ үшін ТҚ осалдықтары мен тәуекелдерін айқындау

IV тарау. Қаржы секторы үшін ТҚ осалдықтары мен тәуекелдері

1. Қолма-қол ақша қаражаты мен төлем карточкаларын пайдаланудан ТҚ осалдығы

2. Жылжымайтын мүлікті сатып алу-сатуда делдалдық қызметтерді жүзеге асыру кезіндегі ТҚ осалдығы

3. Цифрлық активтерді пайдаланудан туындайтын осалдықтар

V тарау. ЖҚҚТҚ қатерлері, осалдықтары мен тәуекелдері

VI тарау. ТҚ, ЖҚҚТҚ тәуекелдері бойынша қорытынды

 

 

I тарау. КІРІСПЕ

 

Терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесі (бұдан әрі - ТҚҚ ҰЖ) ұлттық қауіпсіздікті және қаржы секторының тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді. Барлық әлемдік қоғамдастық бетпе-бет келіп отырған террористік қатерге байланысты мемлекетте терроризмді қаржыландыру (бұдан әрі - ТҚ) жағдайларының болуы мен туындауына себепші болатын факторларды терең түсіну қажеттілігі бірінші орынға шығады.

Терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу (бұдан әрі - ТҚ ТҰБ) бірінші кезекте назар аудару қажет болатын құқыққа қарсы қаржылық қызметтің бағыттарын айқындау, сондай-ақ ТҚҚ ҰЖ неғұрлым осал жерлерін айқындау мақсатында ФАТФ стандарттарының талаптарына негізделген.

ТҚ ТҰБ ТҚҚ ҰЖ қатысушыларын оның ішінде мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарды, Ұлттық банкті тарта отырып, Қазақстан Республикасындағы ТҚ-ға қарсы іс-қимыл саласындағы қазіргі жағдайға жан-жақты талдау жасауға мүмкіндік берді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.