«Жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 478 бұйрығы (2026.01.07. берілген өзгерістермен)

Жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 478 бұйрығы

(2026.01.07. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Энергетика министрінің 2026.30.06. № 250-н/қ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 375) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.