«Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 273 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 5 маусымдағы № 284 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 23 тамыздағы № 273 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4354 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудиторларға кандидаттарды аттестаттаудан өткізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аудиторлыққа кандидат аттестаттауға тiркелу үшiн Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) пәннің (пәндердің) атауын көрсетілген өтініш (әр емтиханға);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жоғары білімін растайтын мынадай құжаттардың бірі:
құжаттың (дипломның) нотариалды куәландырылған көшірмесі;
«электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алынған ұсынылған электрондық құжат;
шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тану рәсімінен өткенін растайтын құжат;
4) экономикалық, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде 3 (үш) жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кітапшасының немесе өзге құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) бухгалтерлік есеп және аудит саласында халықаралық біліктілік алғанын растайтын құжаттың (бар болған жағдайда) нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
6) судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі (бар болған жағдайда);