«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гаупвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 174 бұйрығы (күші жойылды)

 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гаупвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 174 бұйрығы

 

ҚР Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 318 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 367 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гаупвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15525 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдарының гаупвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларында:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіні гауптвахтаға қабылдау, сондай-ақ сақтауға қабылданған құжаттар, заттар, бұйымдар, құндылықтар мен ақша сомасы туралы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада сотталғанды қабылдау туралы қолхат жасалады, ол әскери полиция органының құпия емес іс жүргізуінде тіркеледі.

Қолхаттың бірінші данасы әскери бөлімде тіркеу және ұстау мерзімі аяқталғанға дейін есепке алу үшін әскери қызметшіні гауптвахтаға жеткізген адамға, екіншісі - гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшіге беріледі, үшіншісі - гауптвахтаға қамауға алынған әскери қызметшінің жеке ісіне тіркеледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.