«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 162 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 277 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 31 мамырдағы № 132 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 93 бірлескен бұйрығы

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 162 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 277 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 31 мамырдағы № 132 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 93 бірлескен бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫЗ:

1. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 162 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 277 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13979 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

2-тармақ:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) бақылау субъектілері – тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласына қатысты олардың қызметіне бақылау жүргізілетін жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде жергілікті атқарушы органдармен;»;

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) бақылау объектілері – бақылау субъектісінде меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі, бақылауға жататын мүлік;»;

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;»;

мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шкалаларда өлшенген мәндерді шартты жалпы шкалаға келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;»;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.