«Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 3 маусымдағы № 228-н/қ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17066 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде құру, орналастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде құру, орналастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.»;
Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде және ішкі су айдындарында құру, орналастыру және пайдалану қағидаларында:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
«Көмірсутектерді барлауды және (немесе) өндіруді жүргізу кезінде пайдаланылатын теңіз объектілерін теңізде құру, орналастыру және пайдалану қағидалары»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: