(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН БІЛІКТІЛІК Т...

Жеке сот орындаушыларының қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 32 бұйрығы

 

Осы редакция 2021 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабына және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса ұсынылған Жеке сот орындаушыларының қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесімен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

2015 жыл «____»______________

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

2015 жыл «____»______________

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылғы 22 қаңтардағы

№ 32 бұйрығымен бекітілді

 

 
Жеке сот орындаушыларының қызметі үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.