«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесі» Қазақстан Республикасыс Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрыққа 10-қосымша (2025.17.08. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары -

Ұлттық экономика министрі

2025 жылғы 16 маусымдағы

№ 52 бұйрыққа

10-қосымша

 

 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау

әдістемесі

(2025.17.08. берілген өзгерістермен)


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекттік-жекешелік әріптестік жобаларының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалауға қойылатын бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қолданылады.

2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) базалық әлеуметтік әсерлер - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру саласына қарамастан, барлық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына тән әлеуметтік сипаттағы өзгерістер;

2) базалық экономикалық әсерлер - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру саласына қарамастан, барлық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына тән экономикалық сипаттағы өзгерістер;

3) салалық әлеуметтік әсерлер - экономиканың тиісті салаларында іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына тән әлеуметтік сипаттағы өзгерістер;

4) салалық экономикалық әсерлер - экономиканың тиісті салаларында іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына тән экономикалық сипаттағы өзгерістер.

3 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың әлеуметтік-экономикалық пайдасы мен шығындарын көрсетеді және мыналарды қамтиды:

1) саладағы, өңірдегі және Қазақстан Республикасындағы ағымдағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын есепке алмағанда, оның даму перспективаларын талдау;

2) саладағы, өңірдегі, Қазақстан Республикасындағы ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы іске асырылған жағдайда, оны дамыту перспективаларын талдау;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.