(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ Қ...

Осы редакция 2017 жылғы 27 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы 19 қаңтардағы

№ 56 бұйрығына

8-қосымша

 

 

Мемлекеттік кірістер органдары экономикалық тергеу қызметі

қызметкерлерінің дербес деректері бар жеке істерді жүргізу
қағидасы

 

1. Осы қағида «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 42-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдары экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің (бұдан әрі - қызметкер) дербес деректері бар жеке істерді жүргізу тәртібін анықтайды.

2. Мемлекеттік кірістер органдарында жеке іс бір данада және қызмет өткеру орны бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) төрағасы тағайындайтын қызметкердің жеке ісінің түпнұсқасын Комитеттің адами ресурстар бөлімшесі (бұдан әрі - кадр қызметі) жүргізеді.

3. Жеке іс қызметкердің қызметтік және қоғамдық қызметін сипаттайтын материалдар жинақталатын негізгі құжат болып табылады. Жеке істе: қызметкердің мемлекеттік органдардағы, азаматтық ұйымдардағы еңбек қызметі, Қарулы күштерде, басқа әскери құрылымдарда, құқық қорғау органдарында қызмет өткеруі, сондай-ақ өмірбаяндық және өзге де деректері көрсетіледі.

4. Жеке істің материалдары қызметкерді қызметте пайдалану туралы мәселелерді шешу, біліктілік сыныптарын белгілеуге ұсынымдарды, наградтау, сондай-ақ зейнеткерлікке шығу құқығын беретін еңбек сіңірген жылдарын есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қызмет өтілін есептеу, еңбек еткен жылдары үшін қосымша демалыс беру, қызметкер жұмыстан босатылған кезде біржолғы өтемақы төлеу, сондай-ақ, мемлекеттік кірістер органдарының ведомстволық ерекшелеу белгілерімен наградтау үшін арналады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.