«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 406 бұйрығы

 «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 406 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы №405 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Техникалық реттеу туралы», Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 72) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде:

30-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) қалаларда және елді мекендерде, сондай-ақ әртүрлі меншік нысандарының объектілерінде мемлекеттің және кәсіби өртке қарсы қызметтерді, ерікті өртке қарсы құралымдарды құру және олардың жұмысын ұйымдастыру.»;

31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«31. Кенттер мен қалалар, сондай-ақ ауылдық елді мекендер аумағында өртке қарсы қызмет бөлімшелерін орналастыру кенттер мен қалалардағы шақыру жасаған орынға алғашқы өрт бөлімшесінің жету уақыты 10 минуттан аспауы, ал ауылдық елді мекендер үшін - 20 минуттан аспауы тиіс деген шартқа сүйеніп анықталады.

Қалалар мен елді мекендер үшін өрт деполары мен өрт сөндіру автомобильдерінің саны сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес анықталады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.