ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы
(2025.14.07. берілген өзгерістермен)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
1) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып;
2) «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.