«2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 41 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 162 бұйрығы (күші жойылды)

«2021 - 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 41 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 162 бұйрығы

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 2 ақпандағы № 8 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «2021 - 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 41 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28338 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2021 - 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) банк - Қағидаларды/Тетікті іске асыру шеңберінде қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк, оның ішінде ислам банкі;

2) банктік кредит (бұдан әрі - кредит) - мерзімділік, төлемділік, қайтарымдылық, қамсыздандыру және нысаналы пайдалану шарттарында банктік қарыз беру туралы шарттың негізінде банктің кәсіпкерге беретін ақшалай сомасы. Банктік кредитке сондай-ақ, кредиттік желі де жатады.

Ислам банкі үшін кредит деп ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкерге ұсынатын тауар үшін төлемді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу және/немесе ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкерге лизинг (жалдау) талаптарында мүлікті (лизинг нысанасын) беруі түсініледі;

3) банктік қарыз/микрокредит беру туралы шарт (бұдан әрі - қарыз шарты) - банк/МҚҰ мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім, оның шарттары бойынша кәсіпкерге кредит беріледі. Қарыз шартына кредиттік желіні ашу туралы келісім де жатады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.