(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КЕЙБІР МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРДІ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУ...

Кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 209 Қаулысы

 

Осы редакция 2022 жылғы 4 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 45, 46-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 130-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) оған «Атырау облысы Ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Мекеме туралы Ереже бекітілсін.

3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес кәсіпорындардың атаулары өзгертілсін және мемлекеттік қайта тіркеуден өткізілсін.

4. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес өткізу актісі бекітілсін.

5. «Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 2-қосымшасында атаулары өзгертілген мемлекеттік мекемелердің жарғыларын бекітуге және өзгерістер мен толықтырулар енгізуге өкілеттік берілсін.

6. Мекеменің келесі құрылымы бекітілсін:

1) басшы;

2) басшының орынбасарлары;

3) мал шаруашылығы бөлімі;

4) егін шаруашылығы бөлімі;

5) экономикалық талдау және жоспарлау бөлімі;

6) инвестиция және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бөлімі;

7) азық-түлік бағасының мониторингі бөлімі;

8) әкімшілік-қаржы бөлімі;

9) ветеринариялық қауіпсіздік бөлімі;

10) ветеринариялық мониторинг және есептілік бөлімі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.