Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 305 бұйрығы
(2024.24.07. берілген өзгерістермен)
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.24.07. № 478 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Формулярлық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 215 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың қосымшасымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясының ережесіне:
5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) орфандық (сирек кездесетін) аурулардың және оларды емдеуге арналған дәрілік заттардың (орфандық) тізбесін (бұдан әрі - орфандық дәрілік заттардың тізбесі) келісу және тұрақты қайта қарау.»;
6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) уәкілетті органның бастамасы бойынша «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 158) тармақшасына сәйкес айқындалатын орфандық немесе әлеуметтік мәні бар ауруды емдеуге қолданылатын дәрілік затты ҚҰФ-қа тізбесіне енгізуді қарау.»;
6-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) орфандық дәрілік заттардың тізбесін келісу және тұрақты қайта қарау.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Формулярлық комиссияның төрағасы болып дәрі-дәрмек саясаты мәселелеріне жетекшілік ететін уәкілетті орган басшысының орынбасары тағайындалады.