(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС СТАТИСТИКАСЫ БОЙЫНША ЖАЛ...

Инвестициялар және құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 4 ақпандағы № 16 бұйрығы

 

Осы редакция 2021 жылғы 13 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 260) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) «Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы есеп» (индексі 1-инвест, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) «Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы есеп» (индексі 1-инвест, кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

3) «Инвестициялық қызмет туралы есеп» (индексі 1-инвест, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

4) «Инвестициялық қызмет туралы есеп» (индексі 1-инвест, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;

5) «Шаруа немесе фермер қожалықтарының негізгі капиталына салынған инвестициялар туралы есеп» (индексі 1-КФХ инвест, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;

6) «Шаруа немесе фермер қожалықтарының негізгі капиталына салынған инвестициялар туралы есеп» (индексі 1-КФХ инвест, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.