«Қаржылық мониторинг органдарының қызметкерлерін кеңсе керек-жарақтарымен және кеңсе қағазымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 26 мамырдағы № 174-НҚ бұйрығы

Қаржылық мониторинг органдарының қызметкерлерін кеңсе керек-жарақтарымен және кеңсе қағазымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 26 мамырдағы № 174-НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабына 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қаржылық мониторинг органдарының қызметкерлерін кеңсе жабдықтарымен және кеңсе қағазымен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.

2. «Қаржылық мониторинг органдарының қызметкерлерін кеңсе керек-жарақтарымен және кеңсе қағазымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасаның Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 91-НҚ бұйрығының күші жойылсын.

3. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) органдарының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына кеңсе керек-жарақтары мен кеңсе қағаздарының ұтымды пайдаланылуын бақылау жүктелсін.

4. Агенттігінің Әкімшілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне еңгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік аппаратының басшысына жүктелсін.

6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Төраға

Ж. Элиманов

 

Қазақстан Республикасы

Қаржылық мониторинг

Агенттігі Төрағасының

2025 жылғы 26 мамырдағы

№174-НҚ бұйрығына

қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.