Осы редакция 2022 жылғы 18 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрінің
2020 жылғы 20 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 30-қосымша
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрінің
2020 жылғы 20 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына 31-қосымша
«Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз есебі (421.00-нысаны)»
салық есептілігін жасау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз есебі (421.00-нысаны)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленді және құрылымдық бөлімшесі немесе салық салуға байланысты объектілері бар акциз төлеушілердің Салық кодексінің 11-бөліміне сәйкес құрылымдық бөлімшелер немесе салық салуға байланысты объектілер жүзеге асырған операциялар бойынша спиртке, алкоголь өнімдеріне, бензинге (авиациялықтан басқа), дизель отынына акциз сомаларын есептеуге арналған «Акциз есебі» салық есептілігінің (бұдан әрі - есеп) нысанын жасау тәртібін айқындайды.
2. Есеп есептің (421.00-нысан) өзінен және салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпараттарды егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (421.01-ден 421.04-ке дейінгі нысандар) тұрады.
3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Есепке қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін есептегі жолдар толтырылған кезде міндетті түрде жасалады.
6. Есепке қосымшаларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған кезде олар жасалмайды.
7. Есепке қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда, есепке қосымшалардың осыған ұқсас парағы қосымша толтырылады.