«2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 25/280-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 29/313-VI шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 108-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 25/280-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5704, 2018 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 283 127 098,2 мың теңге:
салықтық түсімдер - 37 086 400,9 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3 425 790,4 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 242 614 906,9 мың теңге;
2) шығындар - 285 573 665,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 2 816 604,4 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 14 208 720,8 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 11 392 116,4 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 50 000,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 50 000,0 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -5 313 171,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 5 313 171,8 мың теңге:
қарыздар түсімі - 11 830 373,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 10 052 246,0 мың теңге;